Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шаралар

20.10.2016

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. «Текті сөздің төресі – терме» республикалық жыршы-термешілер байқауы

Өткізілетін орны:     Алматы қаласы

Өткізілетін уақыты: 24.11.2016 ж.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында «Текті сөздің төресі- терме» республикалық жыршы-термешілер байқауын өткізеді.

Аталған байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан бір үміткерден қатысып, өз бақтарын сынайтын болады.

Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған бұл байқаудың басты мақсаты жыршылық-термешілік өнерге жаңаша серпін беру арқылы әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге үлес қосу.

Байқауда танымал жыршы-термешілер, дәстүрлі әншілер, танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Шараға Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты қызметкерлері, өнертанушылар, жыршы-термешілер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.

Өзгерту: 20.10.2016