Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шаралар

19.10.2016

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. «Жайдарлы Жас Ұлан» республикалық сайысы

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. «Жайдарлы Жас Ұлан» республикалық сайысы

Жыл сайын «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігі ҚР Білім және ғылым министрлігі және республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөсіпірімдер ұйымымен үшжақты меморандум негізінде Астана, Алматы қалалары және облыстардың мектеп оқушылары арасында «Жайдарлы Жас Ұлан» республикалық сайысын өткізеді. Бұл сайыстың мақсаты - қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту болып табылады.

Басталуы: 22 қазан, сағат 17:00

Іс- шара Қысқаша түсініктеме Уақыты
1 Қатысушыларды тіркеу Барлық қатысатын мектеп командаларын тіркеу 20 қазан 13:00-14:00.
2 Редакторлық жұмыстар Командалардың дайындаған бағдарламарына редакторлық жұмыстар жүргізу 20-21 қазан 14:00-19:00.
3 Басты дайындық Командалардың дайындығы. 22 қазан 10:00-16:00.
4 Ойын "Жайдарлы Жас Ұлан" республикалық сайысы 22 қазан 17:00-19:00.

Орны: Астана қаласы,  «Қазмедиа Холл» концерт залы, Д. Қонаев көшесі 4.

Қатысушылар: Астана, Алматы қалалары және облыстардағы мектепаралық сайыстардың жеңімпаздары және «Маусымашар» фестивалі қорытындысы бойынша телевизиялық жобаларға жолдама алған командалар. Барлық қатысушылар саны: 200-ден астам оқушы.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан КВН Одағы.

Қолдаушылар: ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаменті.

Байланыс телефоны: « Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ әкімгері

Алуа Куанова

+7 747 019 1304

Өзгерту: 19.10.2016