Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шаралар

13.10.2016

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. «Жас ұлан» армия әндерінің фестивалі

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. «Жас ұлан» армия әндерінің фестивалі

Әскерге дейінгі, әскерге шақырылатын және армия жастарын, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді және отбасы мүшелерін әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі жұмысты белсендіру, көркемөнерпаз армия орындаушыларының және ұжымдарының шығармашылық өсуіне көмектесу мақсатында 1997 жылдан бастап жыл сайын «Жас ұлан» армия әндерінің фестивалі өтеді.

Фестивальдің қорытынды туры және лауреаттардың гала-концерті Астана немесе Алматы қалаларында өткізіледі.

Фестивальдің бағдарламасында мыналар көзделген:

- қатысушылардың конкурстық бағдарламада үш номинацияда «орындаушылар – вокалистер» (1,2,3 орын), «фольклорлық орындаушылар»  (1,2,3 орын), «вокалдық-аспаптық ансамбльдер және орындаушылар» (1,2,3 орын) орындауларын;

- фестиваль жеңімпаздарына бағалы жүлделерді, дипломдар мен бас жүлдені табыстау;

- қорытынды гала-концертте фестиваль лауреаттарының, құрметті қонақтарының сөз сөйлеулері.

Конкурста мынадай шарттар:

- әскери тақырыпқа шығармаларды орындау;

- қазақстандық композиторлар немесе орындаушылардың шығармаларын орындау;

- жеке (авторлық) музыкалық шығармаларды орындау;

- фольклорлық жанрдағы  шығармаларды орындау.

Фестиваль әскерлер арасында ықыласқа және танымалдыққа ие.

2014 жылдан бастап әскери-патриоттық және армия әндерін орындауға қатыстырту, көркемөнерпаз авторлық және орындаушылық шеберлігін арттыру, әскери-патриоттық әндер жанрындағы жаңа шығармашылық дарындарды ашу үшін фестиваль бағдарламасына облыстардың, Астана және Алматы қалаларының өкілдері, жалпы білім беру мектептерінің жоғары сынып оқушылары, арнайы мектептердің, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері қатысады. Олар Астана қаласына жергілікті бюджет есебінен жіберіледі.

Фестивальға қатысу үшін өтінімді «Астана», «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының, Аэроұтқыр әскерлерінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері, жалпы білім беру мектептерінің 300-ден астам жоғары сынып оқушылары жолданды.

2016 жылы фестиваль бағдарламасында салтанатты ашылу, іріктеу финалдық туры, қатысушыларға арналған мәдени бағдарлама, 30 қазанда гала-концерт жоспарланған.

Өзгерту: 13.10.2016