Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шаралар

12.10.2016

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. «Тілдарын» республикалық олимпиадасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен«Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ«Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайүш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасын өткізеді.

Олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Олимпиадаға 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысады.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, диплом, алғысхат жәнебағалы сыйлықтармен марапатталады.

Олимпиада жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Марапаттау рәсімі 14 қазан күні  сағат 12.00-де басталады.

Өтетін орны: Ақмола облысы, Бурабай ауданы  «Балдәурен»  республикалық оқу-сауықтыру орталығы   

Өткізілетін  мерзімі: 2016 жылғы 13-14 қазан

Байланыс телефондары: 8/7172/ 40-83-97, 87023768400

Өзгерту: 12.10.2016