Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шаралар

21.10.2016

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. Орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің X Республикалық «Тіл-парасат» байқауы

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. Орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің X Республикалық «Тіл-парасат» байқауы

Ү.ж. 24 қарашада Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай X республикалық «Тіл-парасат» байқауын өткізеді.

Байқау орыс жастарының қазақ тілін меңгеруге деген ынтасын арттыру, қазақ тілінің мәні, тарихы мен бүгіні туралы мағлұматтар бере отырып, орыс жастарының сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білу, қазақ тілін меңгерген дарынды орыс жастарын насихаттау және оларға қолдау көрсетуді мақсат етеді.

Байқауға 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жүлдегерлері  қатысады деп күтілуде.

Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.

Байқау жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.

Өзгерту: 21.10.2016