Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шаралар

21.10.2016

Тәуелсіздікке 25 жыл: Қазақстанда құтқарушылардың кәсіби мерекесі атап өтілді

2016 жылғы 19 қазанда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы ұранымен Астана қаласының «Конгресс-Холл» концерт залында кәсіби мереке – Құтқарушы күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шарада ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ.Н. Қасымовтың бұйрығына сәйкес Министрдің орынбасары Ю.В. Ильин қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерекшеленген Азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне ведомстволық наградаларды табыс етті.

Іс-шараның қатысушыларын Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукин құттықтады. Салтанатты іс-шара ішкі істер органдарының бөлімшелері шығармашылық ұжымының және шақырылған әртістердің қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.

Конгресс-Холл ғимаратының алдында қазіргі заманғы құтқару тенхникасы мен жабдықтарының көрмесі өткізілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті мен оның барлық аумақтық бөлімшелерінде Құтқарушы күнін мерекелеу шеңберінде мерекелік іс-шаралар өткізілуде.

Өзгерту: 21.10.2016