Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шаралар

21.10.2016

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. Ұлттық КВН лигасы

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. Ұлттық КВН лигасы

Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Ұлттық КВН лигасының финалдық ойындарын өткізу жоспарланып отыр.  

Қазіргі таңда «Ұлттық КВН лигасы» «Нұр Отан» партиясының қолдауымен жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасап отырған бірегей КВН қозғалысы.

КВН ойындарынан Қазақстан чемпионы атану үшін  еліміздің ең үздік командалары үшінші маусым қатарынан бақтарын сынауда. Өткен қос маусымда аталмыш атақты «Номады» және «Қостанай облысының құрамалары» иеленді. Ал, биыл қостанайлық ұжымды чемпиондық атақтан айыру үшін жерлестері «Голливуд», павлодарлық «Акцент» және «Қорғалжын құрамасы» барын салады.     

Жоғарыда аталған төрт команда 2016 жылғы жарыс маусымының финалдық бәсекесінде көңілді тапқырлар ойынының дәстүрлі бірнеше сайыстары бойынша сынға түседі. Ал, оларға төрелік ететін қазылар алқасының құрамында қоғам қайраткерлері, телевизиялық медиа-жұлдыздар және т.б. танымал тұлғалар болады. Ұлттық КВН лигасының финалдық ойынының теленұсқасы «Хабар» арнасы арқылы көрермендерге жол табады.

Өтетін уақыты: 2016 жылғы 19 қараша

Өтетін жері: «Қазмедиа орталығының» концерттік залы, Астана қ.

Өзгерту: 21.10.2016