Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шаралар

20.10.2016

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. Шексіздік

Тәуелсіздікке 25 жыл: Аңдатпа. Шексіздік

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2016 жылғы 21 қазанда  сағат 16.00-де суретші Қуат Асқаровтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шексіздік» атты жеке көрмесін ашады.

Қуат Асқаров (1963 ж.т.) Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркем сурет училищесін бітірген, 2008 жылдан Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қарағанды облысы әкімі сыйлығының «Жылдың үздік суретшісі» номинациясы бойынша лауреаты (2014 ж.), Ә. Қастеев  атындағы «Ең үздік туынды үшін» алтын медалінің иегері (2015ж.). Қуат Асқаров – Теміртау қаласының байырғы тұрғыны, ол сол жерде кәсіби суретші ретінде өсіп қалыптасты. Көрмеге 80-жуық  көркем туындылар қойылады, олардың басым көпшілігі бірінші рет экспозицияланбақ.

Қуат Асқаров қазақ мифологиясындағы бейнелер мен желілердің аллегориялық түсініктемесіне сүйене отырып өзіне тән көркем бейнеліліктің соны тәсілін жасады. Суретшінің еңбектері шын мәнінде қазақ мәдениетінің рухымен қоректенген, терең пәлсапалық мәнге толы және көп мәнді нышандарға бай. Суретші дәстүр мен жаңашылдықты, классика мен бүгінгіні үйлесімді байланыстыра отырып ұлттық ерекшеліктің жаңа үлгілерін іздейді.  Мұның арасында бүгінгі Қазақстанның жылнамасы болып табылатын «Туған жер» триптихі, көшпенділердің азапты өмірін көрсететін «Ұршық өмір» полиптихі бар, ол жасаған көркем суреттер көрнекі көрсетеді. Махаббаттың мәңгілік тақырыбы лирикалық «Гауһартас» жұмысында жырланады. Көрмеге сол сияқты автордың балалық әсерлеріне толы «Шаңырақ», «Балалық шақ әуендері», «Аула», «Немере», «Рахат өмір», «Әже» және т.б. тұрмыстық  сюжеттері де ұсынылған.

Атақты өнертанушы Н.И. Иванина суретшінің шығармашылығын сипаттай отырып «Қуат Асқаров – үлкен тақырыптардың суретшісі, ол үшін заманауи өмірді сезінуге деген ұмтылыста үнемі жаңа мәндермен толтырып тұруға болатын халықтың рухани және көркем дәстүрлері өмірлік негіз болған», - деп жазады.

Қуат Асқаровтың туындылары қазақ халқының бай мәдени мұрасын көпшілікке таратады, өз Отанына және ұлттық бастауына деген махаббаты мен құрметін көрсетеді.

Көрме "МИРАС" Арт галереясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Көрме 2016 жылғы 28 қарашаға дейін жалғасады.

Өзгерту: 20.10.2016