Бақылау-қадағалау қызметі

09.11.2016

Ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы

Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес жүргізіледі.

«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» 2014 жылғы 27 ақпандағы   № 757 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілерді жоспарлы тексерулер жойылды, сондай-ақ тәуекелдерді бағалау негізінде тексерулерді ұйымдастыруға көшірілді.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 227 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 тамыздағы     № 323 бірлескен бұйрығымен ойын бизнесі саласындағы субъектілерге қатысты қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бекітілген.

Жоғарыда көрсетілген бұйрық шеңберінде қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзуды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Өткізілген жұмыстың қорытындылары бойынша өткізілетін тексерулердің саны, тексеру субъектілері, сондай-ақ тексеру жүргізу уақыты белгілі болады.

Өзгерту: 09.11.2016