Бақылау-қадағалау қызметі

24.10.2016

ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті тіл саласында жүргізген тексерістерінің қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төраға міндетін атқарушысының 2016 жылғы 18 тамыздағы №1 тексеру тағайындау туралы актісінің негізінде 2016 жылғы 23-26 тамыз күндері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысына тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында Министрлік орталық аппаратының 2016 жылғы 1 қаңтар – 1 тамыз кезеңі бойынша құжаттар қамтылды.

Тексеру барысында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тексеру парағының нысанында көрсетілген талаптар тізбесі бойынша шығыс құжаттарды рәсімдеуде, ісқағаздарды жүргізуде, актілерді әзірлеуде мемлекеттік тілді қолдануы кезінде кемшіліктер анықталды.

Тексеру нәтижесінде Министрлікте мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

Өзгерту: 28.10.2016