Бақылау-қадағалау қызметі

24.10.2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ішкі аудит қызметінің 2016 жылғы 1 қазанға ақпараты

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі ішкі аудит қызметі 2016 жылғы 1 қазанға министрліктің ведомствалық қарамағындағы ұйымдарда жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижесі туралы төмендегіні хабарлайды.

2016 жылғы 1 қазанға ішкі аудит қызметі министрліктің бағынысындағы 13 ұйымда Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларының сақталуына тексеру жүргізді.

Жалпы бақылаумен 5 726 672,4 мың теңге қамтылды, соның ішінде мемлекеттік мекемелер бойынша 997 654,8 мың теңге, квазимемлекеттік субъектілер бойынша 4 729 017,6 мың теңге.

Жалпы бақылау қорытындысы бойынша барлығы 37 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі аудит қызметкерлерімен барлық бақылау обьектілеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу туралы, бухгалтерлік есепті және есептілікті жүргізу туралы заңнамаларды және басқа да нормативтік-құқықтік актілерді сақтау бойынша көмек, түсіндірмелер жүргізіледі. Сонымен қатар аудит қорытындысы бойынша бақылау обьектілерінің қызметінің жақсаруы және алдағы уақытта бақылау іс-шаралары барысында анықталған бұзушылықтарға қайта жол бермеу туралы ұсыныстар, нұсқамалар жолданып отырды.

Өзгерту: 29.10.2016