Бақылау-қадағалау қызметі

24.10.2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тіл саласындағы бақылау қызметі туралы

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті уәкілетті орган ретінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары тексерілетін субъектілердің тәуекел дәрежесіне жатқызу және ішінара тексеру жүргізу 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес әзірленді.

Осыған орай «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығы бекітілді. Аталған бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы1 сәуірде №13565 болып тіркелді.

Өзгерту: 28.10.2016