Бақылау-қадағалау қызметі

10.01.2017

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Ішкі аудит қызметінің 2016 жылда атқарған қызметі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Ішкі аудит қызметі 2016 жылы министрліктің ведомствалық қарамағындағы ұйымдарда жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижесі туралы төмендегіні хабарлайды.

2016 жылы Ішкі аудит қызметі министрліктің бағынысындағы 17 ұйымда Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларының сақталуына тексеру жүргізді.

Бақылаумен 7 043 007,0 мың теңге қамтылды, соның ішінде мемлекеттік мекемелер бойынша 997 654,8 мың теңге, квазимемлекеттік сектор субъектілері бойынша 6 045 352,2 мың теңге.

Жалпы бақылау қорытындысы бойынша барлығы 45 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі аудит қызметкерлерімен барлық бақылау обьектілеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу туралы, бухгалтерлік есепті және есептілікті жүргізу туралы заңнамаларды және басқа да нормативтік-құқықтік актілерді сақтау бойынша көмек, түсіндірмелер жүргізіледі. Сонымен қатар аудит қорытындысы бойынша бақылау обьектілерінің қызметінің жақсаруы және алдағы уақытта бақылау іс-шаралары барысында анықталған бұзушылықтарға қайта жол бермеу туралы ұсыныстар, нұсқамалар жолданып отырды.

Өзгерту: 10.01.2017