«Қазақстан-2050» Стратегиясының орындалуы

18.03.2015

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп (2014)

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп (2014)

Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 

 

ЖҰЖ тармақтары­ның №  

Іс-шараның атауы

Қабылданған шаралар және қол жетілген нәтижелер

1

93

Қазақ тілін танымал етуге және оны жаңғыртуға бағытталған шаралар кешенін, оның ішінде терминологиялық жұмысты жетілдіру арқылы іске асыруды жалғастыру

2014 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының 3 отырысы өткізіліп, заңнама, денсаулық сақтау, банк, индустрия және т.б. салалар бойынша 150-ден астам термин бекітілді, соның ішінде 50-ге жуық шет тілдерінен енген,  халықаралық термин Елбасының Ұлытау төрінде берген сұхбатындағы халықаралық терминдер жөніндегі ұсыныс, тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында қаралып, бекітілді. Сондай-ақ Комиссияның 2-отырысында әрбір томы кемінде 11 мың терминнен тұратын 10 салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік қаралып, мақұлданды. Ү.ж. 26 ақпанда салалық терминологиялық секциялар өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес, 21-22 қазанда «Қаржы, банк жүйесіндегі мемлекеттік тілдің қолданысы және терминологиядағы бірізділік мәселелері» республикалық дөңгелек үстел, 27 қарашада «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ терминологиясы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. 30 томдық салалық терминологиялық сөздік басып шығарылып, барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарға, облыстық кітапханаларға және басқа да мекемелерге таратылды. 

3

95

Қазақ тіліне аудару үшін өзекті кітаптарды оның ішінде жастар арасында конкурс жариялау арқылы тізім жасау

 

Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік тілге 100 өзекті кітапты аударуды анықтау үшін Министрлік 1007 кітап іріктеді. Әлемдік көркем проза мен поэзия классиктерінің шығармалары, іргелі энциклопедиялар, әлемдік фантастиканың танымал шығармалары, саясат туралы әдебиет, ғылыми-көпшілік әдебиет, тарихи және хикаялы романдар, детективтер мен балаларға арналған әдебиет осы тізбеге енді. Сонымен қоса, Сыртқы істер министрлігі Қазақстан баспагерлерімен шығармаларды қазақ тіліне аудару бойынша шетелдік авторлармен немесе олардың мұрагерлерімен авторлық шарттар жасасу бойынша құқықтық-ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізуде


Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

 

ЖҰЖ тармақтарының №  

Іс-шараның атауы

Қабылданған шаралар және қол жетілген нәтижелер

1

26

Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын әзірлеу

«Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығы белгіленген тәртіппен бекітілді. 


Өзгерту: 18.03.2015