Мемлекеттік электрондық тізілімге қосу үшін анықтамалық ақпарат

Мемлекеттік электрондық тізілімдеріне қосу

Туризм индустриясы комитеті қазіргі уақытта хабарламаларды қағаз түрінде қабылдамайды. 1 қарашан бастап турагенттердің, гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тізіліміне косу «электрондық лицензиялау» www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) веб-портал арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады.

Турагенттердің тізіліміне қосу үшін порталға кіру және келесі бөлімдерден өту қажет: мәдениет → хабарлау тәртібі → турагент қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама → қызметке онлайн тапсырыс беру.

Гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының тізіліміне қосу үшін порталға кіру және келесі бөлімдерден өту қажет: мәдениет → хабарлау тәртібі → гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушы қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама → қызметке онлайн тапсырыс беру.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: 8 (7172) 74 04 86

Өзгерту: 22.01.2018