Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңес

29.12.2016

Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ

Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің

ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ

13-09/38

Министрліктер Үйі 2016 жылғы 22 желтоқсан

Мәжіліс залы (303 каб.) сағат 11.00

Төрағалық етуші: Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы М.Ж. Жолдасбеков.

Қатысушылар: адам (тізім бойынша).

1. «Қазқайтажаңарту» РМК әзірлеген Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қорғау аймағының шығыс бөлігін реставрациялау, консервациялау және музейлендіру және кесененің іргелес құрылыс салуды реттеу аумағын нақты жоспарлауға қатысты екі жобаны қарау

Қарымсақов, Сәдуақасов, Райымқұлова, Сейітова

- «Қазқайтажаңарту» РМК әзірлеген Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қорғау аймағының шығыс бөлігін реставрациялау, консервациялау және музейлендіру және Кесененің іргелес құрылыс салуды реттеу аумағын нақты жоспарлау жобасына қатысты екі жобасы мақұлдансын;

- Түркістан қаласының даму жоспарында, оның ішінде Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қорғау және іргелес құрылысты реттеу аумағында жобаланатын нысандардың мақсаттық бағытының мәдени-рухани және ағартушылық сипатта болуына басымдық беру жөнінде ұсыныс жасалсын.

2. «Щит Родины» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық тумбаларда бірқатар батырлардың қате жазылған қайтыс болған жылдарын түзету туралы ұсынысын қарау _

Сейітова, Алдажұманов, Жуаспаев

- «Щит Родины» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы
28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Илларион Романович Васильевке, Григорий Мелентьевич Шемякинге және Иван Демидович Шадринге арналған мемориалдық тумбалардағы қайтыс болған жылдарын түзету туралы ұсынысы мақұлдансын.

3. Қазақстан Республикасында кинематографияны дамытудың 2050 жылға арналған тұжырымдама жобасын талқылау ________________________________________________________

Хазбулатов

- Қазақстан Республикасындағы кинематографияны 2050 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасы мақұлдансын.

Төраға М. Жолдасбеков

Хатшы Қ. Асылов

Өзгерту: 29.12.2016