Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңес

31.05.2016

Мәдениет және спорт мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің ҚАРАРЫ

Астана қ.                                                                  

2016 жылғы 20 мамыр

Мәдениет және спорт министрлігінің бюджеттік және мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық даму жоспарындағы басты көрсеткіштердің 2015 жылы орындалуы мен алдағы міндеттері туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының  есебін тыңдап, Мәдениет және спорт мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының есебі назарға алынсын.

2. Мәдениет және спорт министрлігінің қызметі  қанағаттанарлық деп саналсын.  

3. Министрлікке:

1) Министрліктің жанынан құрылған суретшілер кеңесі қызметін БАҚ-та ақпараттық насихаттау бойынша жұмыстарды жандандыру және мәдени саясаттың өзекті мәселелері бойынша пікірталастарға қоғам өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;

2) мәдени саясатты өңірлерде жүзеге асыру үшін Қоғамдық кеңес мүшелері пен қоғам өкілдерін тарту;

3) спортты мектеп қабырғасынан кеңінен насихаттау мақсатында Министрлік Жергілікті атқарушы органдар мен Білім және ғылым министрлігімен өзара ықпалдастықты күшейту;

4) спорт объектілері, сондай-ақ аулалардағы спорт алаңдарын соғу үшін мемлекеттік-жеке серіктестіктер әлеуетін пайдалану, инвесторлар мен меценаттар тарту;

5) азаматтық бастамалар бойынша жергілікті ресурсты орталықтарды бір жүйеге біріктіру мақсатында Республикалық ресурстық орталық құру мәселесін қарастыру;

6) бәсекеге қабілетті орта мен өзін-өзіреттеуші мекемелерге беру үшін Министрліктің мемлекеттік қызметтеріне мұқият және тиімді талдау жүргізу ұсынылады.

Өзгерту: 31.05.2016