Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңес

20.04.2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңесі туралы Ережесі

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрінің

2016 жылғы «___» ақпандағы № бұйрығымен бекітілген

  1. 1.     Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің осы Қоғамдық кеңес туралы Ережесі (бұдан әрі-Ереже) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесіне сәйкес әзірленді.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңесі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар өкілдерімен бірлесе құрылған Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес).консультативті-кеңесші, байқаушы орган.

3. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Конституциямен, оған сәйкес заңдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай- ақ осы Ережені басшылыққа алады.

4. Қоғамдық кеңес өкілеттіктерінің мерзімі үш жылды құрайды.

2. Қоғамдық кеңестің құрылымы 

5. Қоғамдық кеңестің жоғарғы органы болып отырыс табылады.

6. Қоғамдық кеңестің қызметінде оның отырыстары арасындағы кезеңде басшылық жасау үшін Қоғамдық кеңестің төралқасы сайланады.

Төралқа құрамына төраға, қоғамдық кеңестің хатшысы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, комиссия төрағалары, қоғамдық кеңестің кейбір мүшелері кіреді.

7. Қоғамдық кеңестің төралқасы:

1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

2) Қоғамдық кеңес отырысын өткізуді ұйымдастырады;

3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

8. Қоғамдық кеңестің төрағасы:

         1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

         2) отырыстарында төрағалық етеді;

3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;

4) Қоғамдық кеңес шешімдерін іске асыру бойынша қызметтерді үйлестіреді;

         5) республикалық мемлекеттік органның отырыстарына, жергілікті мемлекеттік басқару органдарында отырыстық дауыс құқығымен қатысады;

         6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндетін атқаруды Қоғамдық кеңес мүшелерінің біреуіне жүктейді.

          9. Қоғамдық кеңестің хатшысы:

         1) Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізуге және оған дайындық жүргізу бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді;

          2) Қоғамдық кеңестің іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерін орындау бойынша мерзімдерді қадағалайды.

  1. 3.     Қоғамдық кеңестің мақсаты, міндеттері мен принциптері

10. Қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты ол қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірік білдіру болып табылады.

11. Қоғамдық кеңестің міндеттері болып табылады:

1) азаматтық қоғамның өзара дамуы мен олардың мүдделерін ұсыну, республикалық деңгейдегі шешімдерді қабылдау және қоғамның пікірін ескеру;

2) Министрліктің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды ұйымдастыру.

12. Қоғамдық кеңес өз қызметің келесі принциптер арқылы іске асырады:

1) қоғамдық бастау негізіндегі қызмет;

2) автономиялық;

3) даралық;

4) ашықтық

5) оның мүшелерінің кезеңдік ротициясы.

4. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері

 13. Жобалар мен бюджеттік бағдарламалардың орындалуын, Министрліктің стратегиялық жоспарларының жобасын, Министрлікпен әзірленетін мемлекеттік бағдарламалардың жобасын талқылау.

14. Министрліктің мақсатты индикаторларының жетістіктері мен бюджеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша есептерді талқылау.

15. Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға және әзірлеуге қатысу.

16. Мемлекеттік басқару жетілдіру мен мемлекеттік аппараттың ашықтығын ұйымдастыру мәселелерін, оның ішінде қызметтік этика нормаларын сақтау бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.

17. Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіру бойынша мемлекеттік органдарға оны әзірлеу мен өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстарды дайындау.

18. «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңында қарастырылған қоғамдық қадағалаудың басқа да формаларын қарастыру.

19. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысында оның ережесінің жобасын талқылау және оны мемлекеттік органға бекіту үшін енгізу.

20. Қызмет бағытына қарай комиссиялар құру.

21. Қоғамдық кеңес халықты:

1) азаматтық қоғаммен және мемлекеттік органдармен өзінің іс-қимыл жасау нәтижелері;

2) Қоғамдық кеңестің құрамы, оның мүшелерін ротациялау;

3) отырыстардың күн тәртібі;

4) қабылданған шешімдер;

5) қоғамдық маңызы бар басқа да мәселелер туралы хабардар етеді.

5. Қоғамдық кеңестердің және олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

22. Қоғамдық кеңестер мүшелерінің өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен мемлекеттік органдарға кіруге;

2) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша орталық атқарушы органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;

3) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға жүгінуге құқығы бар.

23. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:

1) Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;

2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;

3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;

6. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

24. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі формасы болып отырыс табылады. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болады.

Қоғамдық кеңестің отырыстарында оның шешімі бойынша мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және де басқа да үйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен басқа да мамандар шақырылуы мүмкін.

25. Қоғамдық кеңестің қызметін қамтамасыз ету Министрлікпен ұйымдастырылады.

26. Министрліктің құзіретіне кіретін салалар бойынша туындаған мәслелерді талқылау және Министрлікке ұсыныстар әзірлеу үшін Қоғамдық кеңес мүшелерінің ішінен Комиссиялар қалыптастырылады.

Комиссиялар үнемі жиналады, яғни айына бір реттен кем емес жиналады.

7. Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізудің жағдайы мен тәртібі

27. Қоғамдық кеңес отырысында қаралатын мәселелер мен оның  өткізілуі уақыты туралы, кеңес мүшелеріне хатшымен оның өткізілуіне бес жұмыс күннен кем емес уақыттар хабарланады.

28. Қоғамдық кеңестің отырысы құқылы болады, егері оның тізімдік құрамының үштен екісінен кем емес құрамда қатысады.

29. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық өтеді.

Отырыстарды өткізудің басқа мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен анықталады.

30. Қоғамдық кеңес отырыстарында қабылданатын шешімдер, оған қатысушы мүшелердің жалпы санынан ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

31. Қоғамдық кеңес отырыстарында хаттама жүргізіледі және оған төраға мен хатшы қол қояды.

Өзгерту: 20.04.2016