Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңес

06.06.2017

Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің ҚАРАРЫ

Астана қаласы 2017 жылғы 29 мамыр 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының стратегиялық жоспардың, бюджеттік және мемлекеттік бағдарламалардың негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша Министрлік қызметінің 2016 жылғы нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есебін тыңдап Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының есебі назарға алынсын.
  2. Мәдениет және спорт министрлігінің қызметі қанағаттанарлық деп саналсын.
  3. Министрлікке:

1) Министрліктің мақсаттары мен міндеттерін жаңғыру 3.0 және қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының шеңберінде іске асыру;

2) «Қазақстанның сакральдық географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Туған жер», «Қазақстандағы              100 жаңа есім» және «100 жаңа оқулық» арнайы жобаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

3) ЭКСПО-2017 өткізу кезінде мәдени-сауықтық және спорттық іс-шаралар өткізуді қамтитын, Кешенді бағдарламалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету;

4) еліміздің тартымды туристік имиджін қалыптастыру және оны шетелде ілгерілету мақсатында елімізде өткізілетін ауқымды мәдени-спорттық іс-шараларды қоса алғанда, мәдени және спорттық нысандардың, бірегей табиғи ландшафттардың әлеуетін пайдалану;

5) Министрліктің жұмысына қатысуға Қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғамдастық өкілдерін белсенді түрде тарту ұсынылады.        

Өзгерту: 06.06.2017