Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңес

24.10.2017

Мәдениет және спорт мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің 2017 жылдың І жарты жылдық қызметі туралы есеп

ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылы 2 қарашадағы Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік талаптарға сәйкес Мәдениет және спорт министрлігімен конкурстық негізде Жұмыс тобын және Қоғамдық кеңесті құру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қоғамдық кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ереже Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының 2016 жылғы 29 ақпандағы №59 және №60 бұйрықтарымен бекітілді.

Қоғамдық кеңес құрамындағы мүшелердің 2/3-і (11 адам) азаматтық қоғам өкілдері болып табылады. Олардың қатарында, белгілі қоғам қайраткері М.Ж.Жолдасбеков (Қоғамдық кеңес төрағасы болып тағайындалды), Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі А.А. Башмаков; республикалық үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері – Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Н.М. Оразалин, Қазақстанның Азаматтық Альянсының вице-президенті А.С. Платонов (ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты), ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Б.Қ. Тілеухан (ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты), ҚР Шахмат федерациясының вице-президенті Д.Қ.Сәдуақасов, Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің республикалық кәсіподағының төрайымы С.К. Иманқұлова, сондай-ақ мәдениет және спорт саласының сарапшылары енгізілген.

Бүгінде Қоғамдық кеңеске жүктелген міндеттемелерге сәйкес оның құрамында спорт және мәдениет салалары бойынша жекелеген комиссиялар жұмыс жасауда. Мәдениет саласы бойынша комиссияға – Т.Н. Әлпиев, спорт саласы бойынша – Ж.Ә. Үшкемпіров жетекшілік етуде.

2017 жылғы 31 қаңтардағы Елбасының Қазақстан халқына жолдауын талқылау бойынша І жартыжылдықта 2017жылдың 6 ақпанында Қоғамдық кеңеспен 2 отырыс өткізілді. 2017 жылдың 29 мамырында Ұлттық кітапхана конференция залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңеске Есеп беру кездесуі өтті.

Министрліктің мақсаттары және міндеттері іске асыру аясында Жаңғырту 3.0 және Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламалары шеңберінде ұсыныстары айтылды; жұмысты арнайы жобалар "Қазақстанның киелі жерлері географиясы", "Заманауи Қазақстан жаһандық әлемде", "Туған жер", "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы " және "100 жаңа оқулықтар" арқылы жалғастыру; ЭКСПО-2017 өткізу кезінде мәдени-ойын-сауық және спорттық іс-шараларды қамтитын Кешенді бағдарламаны сапалы іске асыру; мәдени және спорт объектілердің әлеуетін пайдалану, бірегей табиғи ландшафтты, оның ішінде елімізде тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында өткізілетін ауқымды мәдени-спорттық іс-шаралар қалыптастыру және оны шетелде ілгерілету; Министрлік жұмыстарына қатысуға Қоғамдық кеңес мүшелерін және қоғамдық өкілдерді белсенді тарту сияқты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт, тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс, сондай-ақ туризм индустриясы мәселелеріне қатысты 68 нормативтік және нормативтік-құқықтық актілер жобалары қаралып қорытындыланды.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері Министрлік өткізетін іс-шараларға тұрақты түрде қатысады.

Өзгерту: 24.10.2017