Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңес

24.10.2017

Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

1

Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізу

Тоқсан сайын

Хаттама

ТСЖД, мүдделі құрылымдық бөлімшелер

2

Елбасының 2017 жылғы Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын қоғамдық кеңестің отырысында талқылау

Ақпан

Дөңгелек үстел өткізу

ТСЖД, мүдделі құрылымдық бөлімшелер

3

Мәдениет, этносаралық келісім, тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, мұрағат ісі және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын талқылау

I тоқсан

Ұсынымдар

ЗҚД

4

«Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 20 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 65 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бірлескен бұйрық жобасын талқылау

I тоқсан

Ұсынымдар

ТДҚСЖК

5

«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссиялар туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қарашадағы № 1131 қаулысының күші жойылды деп тану туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын талқылау

I жарты жылдық

Ұсынымдар

ТДҚСЖК

6

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын талқылау

I жарты жылдық

Ұсынымдар

ТДҚСЖК

7

«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің жобасын талқылау

I жарты жылдық

Ұсынымдар

ТДҚСЖК

8

Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының баяндамасы және Қоғамдық кеңес төрағасы М. Жолдасбековтың қосымша баяндамасын қамтитын Мәдениет және спорт министрлігінің жұмыс нәтижелері туралы есебін тыңдау

29 мамыр

Ұсынымдар

ТСЖД, мүдделі құрылымдық бөлімшелер

9

«Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің жобасын талқылау

II-ІІІ тоқсан

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңесі отырысының шешімі

ӘД

 

10

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын талқылау

ІI жарты жылдық

Ұсынымдар

СДШІК

11

Департаментпен әзірленетін азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын талқылау

ІI жарты жылдық

Ұсынымдар

МІҚД

12

Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы жобасының (жаңа редакция) тұжырымдамасы.

ІI жарты жылдық

Ұсынымдар

МӨІД

13

«Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және мәртебесінен айыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасын талқылау

ІI жарты жылдық

Ұсынымдар

МӨІД

14

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Туған жер» жобасын жүзеге асыру мәселесі талқылау

ІI жарты жылдық

Ұсынымдар

МӨІД

15

Комиссия отырыстарын өткізу (жеке жоспар бойынша)

Қажеттілік болған жағдайларда

Хаттамалар

Комитеттер мен департаменттер

16

ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленетін азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу

Келіп түсуіне қарай

Кеңес қорытындысы

Комитеттер мен департаменттер

17

Қоғамдық кеңестің қызметі туралы есепті әзірлеу және Мәдениет және спорт министрлігінің сайтына орналастыру

Қаңтар, шілде

Жарияланымдар

ТСЖД

Өзгерту: 24.10.2017