Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңес

02.07.2018

Мәдениет және спорт мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің 2018 жылдың І жарты жылдығы қызметі туралы есеп

ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылы 2 қарашадағы Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік талаптарға сәйкес Мәдениет және спорт министрлігімен конкурстық негізде Жұмыс тобын және Қоғамдық кеңесті құру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қоғамдық кеңес құрамындағы мүшелердің 2/3-і (11 адам) азаматтық қоғам өкілдері болып табылады. Олардың қатарында, белгілі қоғам қайраткері М.Ж.Жолдасбеков (Қоғамдық кеңес төрағасы болып тағайындалды), Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі
А.А. Башмаков; республикалықүкіметтікемесұйымдарыныңөкілдері – ҚазақстанЖазушыларОдағыныңбасқарматөрағасы Н.М. Оразалин, ҚазақстанныңАзаматтықАльянсының вице-президенті А.С. Платонов (ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты), ҚР Ұлттық спорт түрлеріқауымдастығыныңпрезиденті Б.Қ. Тілеухан (ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты), ҚР Шахмат федерациясының вице-президентіД.Қ.Сәдуақасов, Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің республикалық кәсіподағының төрайымы С.К. Иманқұлова, сондай-ақ мәдениет және спорт саласының сарапшылары енгізілген.

Бүгінде Қоғамдық кеңеске жүктелген міндеттемелерге сәйкес оның құрамында спорт және мәдениет салалары бойынша жекелеген комиссияларжұмыс жасауда. Мәдениет саласы бойынша комиссияға – Т.Н. Әлпиев, спорт саласы бойынша – Ж.Ә. Үшкемпіров жетекшілікетуде.

2018 жылдың10қаңтарында Ұлттық академиялық кітапханадаҚоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Отырыста Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңес мүшелері мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт, тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс, сондай-ақ туризм индустриясы мәселелеріне қатысты 26 нормативтік және нормативтік-құқықтық актілер жобалары қаралып қорытындыланды.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері Министрлік өткізетін іс-шараларға тұрақты түрде қатысады.

Өзгерту: 02.07.2018