Басшылығы

Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы
Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы,  1968 жылы туған. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы — Алматы мемлекеттік университетін тәмамдады. 2006 жылы РФ Мемлекеттік Кеден комитетінің Ресей Кеден академиясын экономист, қаржыгер, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

  • 1990–1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
  • 1994–2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.
  • 2007–2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2013–2016 жылдары ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті болып істеген.
  • 2016 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2017 жылғы 15 қарашадағы №746 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

2 дәрежелі «Айбын» орденімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Байланыс үшін:

Астана қ., Мәңгілік ел көш. 8,
Министрліктер үйі, 15-кіреберіс
Қабылдау бөмесінің телефоны:74-19-91
e-mail: kense@mks.gov.kz

Өзгерту: 17.11.2017