2018 жылғы 21 маусымдағы есеп беру кездесуі

Ағымдығы жылдың 21 маусым күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының халық алдында есеп беру кездесуі өтеді.

Өткізу орны: Астана қ., Д. Қонаев к., 4, «Қазмедиа орталығы» ғимаратының «Киноконцерттік» залы.

Министрге сұрақтарды кездесу барысында, Министрлік сайтында «2018 жылғы 21 маусымдағы есеп беру кездесуі» атты бөлімінде (www.mks.gov.kz) және «электрондық үкімет» веб-порталының «Ашық диалог» атты бөлімінде (www.egov.kz) онлайн режимде қоюға болады. Сонымен қатар, аймақтардың тұрғындары үшін сұрақты онлайн қою мүмкіндігі бар бейнеконференц байланыс қамтамасыз етіледі.

Кездесу Министрліктің ресми интернет-ресурсында және «Bnews.kz» ақпараттық порталында онлайн-трансляция режимінде таратылатын болады.