Өткізілетін іс-шаралар күнтізбесі (аңдатпалар)

14.02.2018

Анонс. Айман Мұсақожаева ұсынады...

Анонс. Айман Мұсақожаева ұсынады...

22 ақпан, 2018. «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақ ұлттық өнер университетінің мерейтойына арналған «Айман Мұсақожаева ұсынады...» атты ерекше концерт өтеді.

Концертте камералық музыканың әлемдік дәстүрін жалғастырушылар, есімдері классикалық музыкамен тұтаса байланысқан  үздік орындаушылар, еліміздің сахналарында ғана емес, сондай-ақ шетелде де қазақ классикалық өнерінің құдіретін танытқан солистер – Қазақ ұлттық өнер университетінің ішекті аспаптар кафедрасының түлектері өнер көрсетпек. Алғашқы концертте Америка Құрама Штаттары, Италия, Швейцария, Ресей мен Қазақстан сынды мемлекеттердің ірі мәдениет ошақтарынан шығармашылықтарын шыңдаған түлектердің өнері ұсынылады.

Владимир Дё, Сергей Васильев, Анель Шакирова, Павел Романенко, Айша Досумова, Эльдар Сапараев, Анна Мещерякова, Мадина Капеу-Коханова мен Ордабек Дюсен – көркемдік жетекшісі Қазақстанның Халық артисі Айман Мұсақожаева болып табылатын әйгілі музыкалық ұжым «Академия солистов» мемлекеттік оркестрімен бірге өнер көрсететін белгілі музыканттар. Аталған өнер иелері П.И.Чайковский, А.Вивальди, А.Пьяццолла, В.А.Моцарт пен Ф.Мендельсон сынды ұлы композиторлардың кемелді туындыларынан тұратын айрықша концерттік бағдарламаны орындайды.

Дирижерлік тұғырда ХХ ғасырдың танымал музыканты, педагог, скрипкашы әрі шебер дирижер Эдуард Шмиддер (АҚШ) басшылық етеді.

Құрметті елордалықтар мен қала қонақтары, әлем классикасының жауһарларын тыңдап, талғампаз музыкадан сусындауға шақырамыз!

Өзгерту: 14.02.2018