Өткізілетін іс-шаралар күнтізбесі (аңдатпалар)

16.02.2018

Анонс. Еуропалық музыка кеші Астанада

Анонс. Еуропалық музыка кеші Астанада

18 ақпан, 2018. «Қазақстан» орталық концерт залында «Еуропалық музыка кеші Астанада» атты симфониялық концерт өтеді.

Шетел классикасының музыка жауһарлары орындалатын кеште Италияның атақты солистері Марко Скьяво, Серджио Марчеджиани мен Рикардо Замунер өнер көрсетеді. Концерт дирижері – белгілі маэстро Михаил Кирхгофф.

Сахна төрінде халықаралық деңгейде танылған талантты музыканттармен қатар Қазақстанның Халық артисі Айман Мусаходжаева жетекшілік ететін «Академия солистов» мемлекеттік оркестрі шетелдік және отандық композиторлардың  үздік  шығармаларын тыңдарман назарына ұсынады.

Концерт бағдарламасында ХІХ-ХХ ғғ. Батыс Еуропаның ең танымал композиторларының үздік туындылары орындалады.

Өзгерту: 16.02.2018