Өткізілетін іс-шаралар күнтізбесі (аңдатпалар)

12.03.2018

Анонс. Туризм индустриясы комитеті Балалар мен жасөспірімдер туризмі бойынша жұмыс кездесуін өткізеді

Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 406 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

Балалар мен жасөспірімдер туризмі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша Тұжырымдама жобасына келіп түскен ұсыныстарды пысықтау мақсатында Комитет қоғамдық туристтік сараптама тобының мүшелері және мүдделі тұлғалар қатысуымен жұмыс кездесу өткізуді жоспарланған.

Осыған байланысты, 2018 жылғы 13 наурызда сағат 11:00, Мәңгілік ел, 8 көшесі, Министрліктер үйі, 15 – кіреберіс, 625 кабинетте болатын жұмыс кездесуге қатысуға мүдделі тұлғаларды шақырамыз (тел. 74-03-62).

 

Өзгерту: 12.03.2018