Өткізілетін іс-шаралар күнтізбесі (аңдатпалар)

26.04.2018

Анонс. Астанада «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ашылады

Анонс. Астанада «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ашылады

2018 жылғы 26 сәуірде ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ашылу салтанаты өткізіледі. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясындағы кешенді іс-шаралар қатарындағы айтулы оқиға.

Жаңа орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі отандық ғалымдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол қойғаны өздеріңізге мәлім. Мәдениет және спорт министрлігі қазақ тілі әліпбиін 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру бойынша ауқымды іс-шараларды атқаруда.

Өзгерту: 26.04.2018