Өткізілетін іс-шаралар күнтізбесі (аңдатпалар)

02.05.2018

Анонс. «Астана би ырғағында» («Temps lié») Халықаралық балет фестивалінің ашылу салтанаты өтеді

3 мамыр, 2018. «Астана Балет» театрының сахнасында  «Астана би ырғағында» («Temps lié») Халықаралық балет фестивалінің ашылу салтанаты өтеді. 

Биылғы жылы Қазақстан Республикасы елордасының 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КАҚ  2018 жылдың 3-5-6 мамыры аралығында «Астана би ырғағында» («Temps lié») Халықаралық балет фестивалін (бұдан әрі – Фестиваль) өткізеді. 

Фестивальдің ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының және вице-министр Ақтоты Райымқұлованың қатысуымен өтеді. 

Фестивальдің құрметті қонақтары - балет өнерінің жұлдыздары: 

  • Мухамедов Ирек Джавдатович – әлемдік балет жұлдызы, Мәскеудегі Үлкен театрдың және Лондондағы Корольдік балеттің жетекші бишісі, интернационалдық педагог-репетитор.
  • Лопаткина Ульяна Вячеславовна – Ресейдің Халық әртісі, «Золотая маска», «Benois de la danse» сыйлығының, лондондық сыншылардың «Evening Standard» сыйлығының, Ресейдің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • Кузьмина Елена Анатольевна – Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, «Золотой софит» сыйлығының лауреаты, педагог, хореограф, арнайы пәндер бойынша оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, Борис Эйфман Би академиясының оқытушысы; 
  • Сяо Сухуа мырза - Қытай ұлттық би ассоциациясы Балет комитетінің вице-президенті,  хореограф, педагог, теоретик; 
  • Кейсуке Косака мырза - “Sofia Ballet Academy” балет мектебінің директоры.

Фестиваль Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушыларының концертімен ашылады, концерт бағдарламасына классикалық балет мұрасының, заманауи және қазақ хореографияның отандық және шетелдік балетмейстерлердің қойылымындағы ең үздік нөмірлері кіреді. 

Фестивальдің екінші кешінде,  4 мамырда көрермендердің назарына үш номинацияда нөмірлер ұсынылады: классикалық би, халық-сахналық (фольклор, стильдік халықтық)  би,  сонымен қатар заманауи би. Қатысушылар Ц. Пунинің музыкасына «Эсмеральда», Л.Делибтің музыкасына "Коппелия" балеттерінен әйгілі варияцияларды, «Спящая красавица» балетінен адажио, В.Вайноненнің хореографиясындағы Б. Асафьевтің  «Пламя Парижа» балетінен па-де-де, әзірбайжан, грузин ұлттық билерін орындайды, «Houson ballet academy» оқушылары «A dance in the garden of mirth» атты заманауи балет қойылымын және т.б. ұсынады.

Фестивальге қатысушылар балет өнеріндегі өз күштерін сынап қана қоймай, шақырылған балет өнері шеберлерінің шебер-кластарында жаңа тәжірибе алу мүмкіндігіне ие.    

Фестивальдің қорытынды күнінде,  5 мамырда гала-концерт өтеді. Құрметті қонақтардың пікірінше, фестивальдің ең үздік нөмірлері көрсетіледі,  сондай-ақ Қазақ ұлттық хореография академиясының оқушылары өнер көрсетеді.

Өзгерту: 02.05.2018