Өткізілетін іс-шаралар күнтізбесі (аңдатпалар)

07.06.2018

Анонс. «Eurasian Dance Festival» ІІ Халықаралық балет өнерінің фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты

8 маусым күні «Астана Балет» театрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен өтетін «Eurasian Dance Festival» ІІ Халықаралық балет өнерінің фестиваліне, сонымен қатар, фантастикалық «Жизель» балетінің тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
24-30 маусым аралығында «Eurasian Dance Festival» ІІ Халықаралық балет өнерінің фестивалі өтпекші. Бұл фестиваль балет әлеміндегі маңызды шараның біріне айналды. Аталған балет фестивалі елорданың 20 жылдығы аясында және «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасының негізгі мақсат-міндеттерін жүзеге асыру мақсатында «Астана Балет» театрында өткізілмек.
Сонымен қатар, 23-24 маусымда «Астана Балет» театры фантастикалық «Жизель» балетінің тұсаукесерін өтеді. Екі актілі спектакль вилисалар туралы Генрих Гейне жазып алған поэтикалық аңыздың негізінде қойылады.
 
Өткізілетін орны: Астана қ., «Астана Балет» театры, Ұлы дала к-сі, 9
Басталуы: 08.06.2018 ж., 11:30-те. (қызметтік кіреберіс)
 
БАҚ-ты тіркеу міндетті түрде:
«Астана Балет» театрының баспасөз қызметі, тел: 62 12 83, +77017773900, e-mail: pr@astanaballet.kz
Өзгерту: 07.06.2018