Өткізілетін іс-шаралар күнтізбесі (аңдатпалар)

07.06.2018

Анонс. Алматыда Құрманғазының 200-жылдығының құрметіне орай «Америкалық жасыл аймақтан Ұлы далаға дейін» атты Музыкалық вернисаж өтеді

Анонс. Алматыда Құрманғазының 200-жылдығының құрметіне орай «Америкалық жасыл аймақтан Ұлы далаға дейін» атты Музыкалық вернисаж өтеді

2018 жылдың 9 маусым күні, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі мен Астанадағы АҚШ Елшілігі, Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы көрнекті қазақ композиторы Құрманғазының 200-жылдығының құрметіне орай «Америкалық жасыл аймақтан Ұлы далаға дейін» атты Музыкалық вернисажға шақырады.

Америкалық дипломат әрі музыкант Рен Эльхай Лейла Тәжібаева-Исаева, Кандис Миракл және Майкл Алленмен бірлесіп Қазақстан мен АҚШ дәстүрлі және заманауи фольклорлық музыкасының бағдарламасын орындайды. Концерт америкалық заманауи контемпорари арт суретші Хант Слонемнің көрме залында өтеді.

АҚШ Бас консулы Марк Муди айтқандай: «Астанадағы АҚШ Елшілігі мен Алматыдағы Бас консулдығы қазақстандық көрерменге АҚШ-тың дәстүрлі фольклорлық музыкасын ұсынатын мүмкіндік туғанына өте қуанышты, бұл біздің қазақ мәдениетінің дәстүрлерін жоғары бағалайтынымызды көрсетеді».

Рен Эльхай музыкамен бала күнінен бері айналысады, классикалық скрипканы зерттеп, хорда ән айтып, музыкалық театр қойылымдарында өнер көрсетті. 2008-2009 жылдары Томас Ватсон бағдарламасының шәкіртақы иегері бола отырып, Тувадағы (Ресей Федерациясы), Үндістан, Оңтүстік Африка мен Еуропа елдерінде халық вокалының дәстүрлерін зерттеді. Көп жылдар бойы, Рен Вашингтон, Колумбия округі және Мәскеудің әр түрлі музыкалық топтарында мамандануда фольклорлы музыка мен bluegrass музыкасында ойнады. Бастапқыда Рен 2016 жылы Астанадағы АҚШ Елшілігінде баспасөз-атташе ретінде Лейла Тәжібаева-Исаеваның жетекшілігімен қобызда ойнауды үйрене бастады. Ол 2017 жылы  Spirit of Desh-i-Kipchak фестивалінің лауреаты атанды.

Лейла Тәжібаева-Исаева Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қобыз класы бойынша сабақ береді. Ол көптеген республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің, соның ішінде Калифорния, Лос-Анджелестегі орындаушылар өнерінің әлемдік байқауының лауреаты. Лейла өзінің жеке музыкасын жазады және қобыздың дәстүрлі репертуарын заманауи дыбысталуға ыңғайлап келтіреді. 

Рен Эльхай, Кандис Миракл және Майкл Аллен Астанада Bluegrass Survivors тобын құрады. Олар Астана үшін бірегей жанрлар – америкалық bluegrass ( кантри түрлері)  және фольклор музыкасын орындайды.  Миракл да, Аллен де bluegrass музыкасында бала күнінен бері ойнайды. Аллен бесішекті банджода ойнайды, ол 1986 жылы АҚШ Ұлттық байқауын осы аспапта ойнап жеңіп алды. Миракл bluegrass тобында контрабаста  кәсіби тұрғыда Shady Creek Band қосқанда 25 жыл ойнап келеді.

Кештің жүргізушілері – Клара Исабаева, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің баспасөз қызметінің жетекшісі және Рен Эльхай, АҚШ Елшілігінің баспасөз-атташесі.

Анықтама үшін байланыс – 394-57-18, 8-775-371-4820, 8-747-181-5126.

Өзгерту: 07.06.2018