Жаңалықтар

26.01.2017

Елбасы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алауын жағу рәсіміне қатысты (Астана, 2017 ж. 25 қаңтар)

Елбасы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алауын жағу рәсіміне қатысты (Астана, 2017 ж. 25 қаңтар)

25 қаңтар, 2017. Астана. Елбасы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада алауын жағу рәсіміне қатысты. Жарыстың салтанатты ашылуы 29 қаңтар күні Алматы қаласында өтеді.

Мемлекет басшысы Универсиада еліміздің тәуелсіздігі тарихында халықтың бірлігін нығайтуға ықпал ететін спорт саласындағы ең ірі оқиға болып саналатынын айтты.

– Атқарылған жұмыстардың бәрін жастар үшін жасадық. Универсиаданың әлеуметтік инфрақұрылымы, спорт нысандары бізге ұзақ жыл бойы қызмет ететін болады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің ұлттық құрамасына қазақстандықтардың қолдау көрсететіне, сондай-ақ 2017 жылғы универсиада шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге айналатынына сенім білдірді.

Соңында Елбасы спортшыларға алдағы жарыстарда табыс және жарқын жеңістер тіледі.

Өзгерту: 26.01.2017