Жаңалықтар

31.01.2017

Алина Райкова Қазақстан қоржынына 2017 жылғы Универсиаданың алғашқы алтын жүлдесін салды (Алматы, 2017 ж. 31 қаңтар)

Алина Райкова Қазақстан қоржынына 2017 жылғы Универсиаданың алғашқы алтын жүлдесін салды (Алматы, 2017 ж. 31 қаңтар)

31 қаңтар, 2017. Қазақстандық биатлонист Алина Райкова 15 километр қашықтыққа жеке жарыста алғашқы келіп, Алматыда өтіп жатқан Универсиаданың алтын жүлдесін жеңіп алды.

Ату барысында екі қате жіберген Райкова қашықтықты 59 минут 48,7 секунд уақытпен өтті. Екінші орынға (+2:21) тағы бір қазақстандық спортшы Галина Вишневская табан тіреді. Украиндық Надя Белкина (+2:23) жарыстың қола жүлдегері атанды.

Қазақстанның өзге өкілдері Дарья Усанова мен Елизавета Бельченко сәйкесінше төртінші және бесінші орын иегерлері атанды.

Сондай-ақ, конькимен сырғанау спортында бүгін отандасымыз Екатерина Айдова 1 500 м қашықтықта үшінші орынға ілігіп, Қазақстан қоржынына Универсиаданың бесінші жүлдесін салды.

Өзгерту: 31.01.2017