Жаңалықтар

31.01.2017

Жанбота Алдабергенова және Бағлан Іңкәрбек 2017жылғы Универсиаданың командалық жарыстарында жеңімпаздар атанды(Алматы, 2017 ж. 31 қаңтар)

Жанбота Алдабергенова және Бағлан Іңкәрбек 2017жылғы Универсиаданың командалық жарыстарында жеңімпаздар атанды(Алматы, 2017 ж. 31 қаңтар)

31 қаңтар, 2017. Қазақстандық спортшылар Жанбота Алдабергенова және Бағлан Іңкәрбек Универсиада-2017 ойындарында фристайлдағы командалық жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды.

Суперфиналда Қытайдың екі командасымен жарысқан қазақстандықтар өз шеберліктері үшін 167,05 ұпай жинады. Қытайдың бірінші командасы жарысты 113,02 ұпаймен аяқтаса, Қытай-2 командасы 87,77 ұпай көрсеткішпен аяқтады.

Енді Қазақстанның еншісінде 8 түрлі дәрежелі жүлде бар. Екі алтын, екі күміс және төрт қола жүлдемен отандық құрама медальдық есепте Қытайды озып, Ресейден кейінгі екінші орынға табан тіреді.

Өзгерту: 31.01.2017