Жаңалықтар

02.02.2017

Юлия Галышева Қазақстан қоржынына төртінші алтын жүлде салды (Алматы, 2017 ж. 2 ақпан)

Юлия Галышева Қазақстан қоржынына төртінші алтын жүлде салды (Алматы, 2017 ж. 2 ақпан)

2 ақпан, 2017. Алматы. Қазақстандық спортшы Юлия Галышева ел қоржынына Алматыдағы 2017 жылғы Универсиаданың төртінші алтын жүлде салды.

Могул бойынша жарыстың финалында Юлия Галышева 73.80 ұпай жинады. Күміс жүлде Ресей құрамасының өкілі Анастасия Первушинаның еншісінде болса, австриялық Катарина Рамзауэр үшінші орынға ілікті.

Еске салып кетсек, Юлия Галышева жарыстың ақтық мәресіне бірінші орыннан шықты.

Спортшы Өскемен қаласында дүниеге келді.

Юлия – 2015 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылғы Универсиаданың жеңімпазы, 2011 және 2012 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпазы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, Әлем Кубогы көптеген кезеңдерінің жүлдегері мен жеңімпазы.

Өзгерту: 02.02.2017