Жаңалықтар

02.02.2017

Дмитрий Рейхерд – 2017 жылғы Универсиаданың могул жарысындағы жеңімпазы (Алматы, 2017 ж. 2 ақпан)

Дмитрий Рейхерд – 2017 жылғы Универсиаданың могул жарысындағы жеңімпазы (Алматы, 2017 ж. 2 ақпан)

2 ақпан, 2017. Қазақстандық Дмитрий Рейхард төл Универсиадамыздың бесінші алтын жүлдесін жеңіп алды.

Бүгін «Шымбұлақ» тау-шаңғы аймағында ерлер арасындағы могулдан жарыс аяқталды. Отандасымыз Дмитрий Рейхерд жарыстың жеңімпазы атанды. Ресейлік Сергей Шимбуев екінші орынға, ал тағы бір қазақстандық спортшы Павел Колмаков үшінші орынға табан тіреді.

Нәтижесінде, қазіргі уақытта Қазақстан қоржынына бес алтын жүлде түсті. Жеңімпаздардың қатарында Юлия Галышева, Галина Вишневская, Алина Райкова, қос фристайлшы Жанбота Алдабергенова және Бағлан Іңкәрбек бар.

Өзгерту: 02.02.2017