Жаңалықтар

03.02.2017

Қазақстан есебіне тағы екі алтын жүлде түсті! (Алматы, 2017 ж. 3 ақпан)

Қазақстан есебіне тағы екі алтын жүлде түсті! (Алматы, 2017 ж. 3 ақпан)

3 ақпан, 2017. Алматы. Қазақстандық фристайлистер отандық құраманың есебіне 2017 жылғы төл Унивесиадамыздың тағы екі алтын жүлдесін түсірді.

Қазақстандық Дмитрий Рейхерд параллель могул бойынша жарыстың ақтық сынында ресейлік Сергей Шимбуевты шаң қақтырды. Қола жүлде басқа отандасымыз Павел Колмаковтың еншісінде.

Әйелдер арасында бұл спорт түрінде қазақстандық Юлия Галышева алдына жан салмады. Ол Ресей құрамасының спортшысы Елизавета Безгодоваяны 17:8 есебімен жеңді.

Осымен қазіргі уақытта ұлттық құрамамыздың еншісінде 8 алтын жүлде бар.

Өзгерту: 03.02.2017