Жаңалықтар

04.02.2017

Алтын жүлделі Денис! (Алматы, 2017 ж. 4 ақпан)

Алтын жүлделі Денис! (Алматы, 2017 ж. 4 ақпан)

4 ақпан, 2017. Қазақстанның атақты мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тен Алматыда өтіп жатқан 2017 жылғы қысқы Универсиаданың қола жүлдегері атанды.

Қысқа бағдарламадан кейін 94,91 ұпай жинаған Денис Тен жарыстың көшбасшысы болды. Еркін бағдарламада спортшымыз өз үстемдігін нығайта түсті - 172,06 ұпай қосылып, жалпы ұпайлар есебінің қорытындысы бойынша Денис Тен жарыс жеңімпазы атанды.

«Күміс» жүлдегер жапондық Кэйдзи Танаке атанса, қола жүлде Швеция спортшысы Александр Майоровтың есебінде.

Тағы бір қазақстанды мәнерлеп сырғанаушымыз Абзал Рақымғалиев екі бағдарлама нәтижесі бойынша 12 орынға табан тіреді.

Өзгерту: 06.02.2017