Жаңалықтар

07.02.2017

Галина Вишневская – Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың екі дүркін алтын жүлдегері (Алматы, 2017 ж. 7 ақпан)

Галина Вишневская – Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың екі дүркін алтын жүлдегері (Алматы, 2017 ж. 7 ақпан)

7 ақпан, 2017. Қазақстандық биатлонист Галина Вишневская Универсиада-2017 екі дүркін алтын жүлдегері атанды. Жалпы алғанда қазақстандық құраманың қоржынына 11 алтын жүлде түсті.

Г. Вишневская 12,5 км қашықтыққа масс-старттың жеңімпазы атанды. Төрт ату шебінде бір қате жіберген спортшымыз дистанцияны 36:15.4 минут ішінде өтіп шықты. Украиналық Яна Бондарь (+1:02.3) күміс жүлделі орынға табан тіресе, ресейлік Лариса Куклина (+1:13.1) жарыстың қола жүлдегері атанды.

Айтып кету керек, бұл Вишневскаяның Универсиададағы екінші алтын жүлдесі. Бұған дейін қазақстандық биатлонист 7,5 км қашықтыққа спринтерлік жарыстың жеңімпазы атанған болатын.

Өзгерту: 07.02.2017