Жаңалықтар

09.02.2017

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады (Астана, 2017 ж. 9 ақпан)

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады (Астана, 2017 ж. 9 ақпан)

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады.

Кездесу барысында Елбасыға Алматыда өткен Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ұйымдастырылуы жөнінде есеп берілді.

– Қазақстан 2017 жылғы универсиаданы тиісті деңгейде өткізді. Бұл жарыста біздің спортшыларымыз өздерінің шеберліктерін танытып, жоғары нәтижелер көрсетіп, өскелең ұрпаққа үлгі бола білді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне қысқы сайыстар қорытындылары мен бұқаралық спортты одан әрі дамыту жолында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

– Қазіргі уақытта министрлік Жапонияда өтетін қысқы Азиада мен 2018 жылы Корея Республикасында өтетін Олимпиялық ойындарға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді А.Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, Елбасы классикалық өнерді, кино индустриясын одан әрі дамытудың, жас дарындарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.

Өзгерту: 09.02.2017