Жаңалықтар

07.03.2017

Құрметті, сүйікті де ару Ханымдар!

Құрметті, сүйікті де ару Ханымдар!

Сіздерді ең жылы да жарқын көктемгі мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

8 наурыз – ерекше мереке. Осы шырайлы мейрам – аналарымызға, өмірлік жарларымыз, қыздарымыз бен өмірімізді бақыт пен мейірімге толтыратын барша нәзік жандыларға алғыс айту, ақ пейілімізді тағы бір мәрте білдіру күні болып табылады.

Елбасы әйелдер  қоғамдағы бірлік, жасампаздық пен тұрақтылықтың символы екендігін үнемі айтып келеді. Бүгінгі қазақстандық әйелдер – мақтан тұтуға тұрарлық азаматшалар.  Сіздер үлкен жанұяның отанасы, нәзік те қайырымды жандар бола тұра, қызмет пен кәсіпкерлікте алда болып, ірі компаниялар мен ведомстволарды алға жетелеп келесіз.

Осы көктемнің шырайлы күні Сіздерге зор денсаулық, таусылмас бақыт, отбасыларыңызға амандық пен қуаныш тілеймін!

Жандарыңыздан әрдайым қамқор болар нағыз ер азаматтар табылып, әріптестеріңіздің сыйластығы мен қолдауына, жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен мейіріміне бөлене беріңіздер!


Ізгі ниетпен,

Арыстанбек Мұхамедиұлы

Өзгерту: 07.03.2017