Жаңалықтар

23.05.2017

Қазақстан садақ атушылары тарихта алғаш рет алтын кубок жеңіп алды (Шанхай, 2017 ж. 23 мамыр)

Қазақстан садақ атушылары тарихта алғаш рет алтын кубок жеңіп алды (Шанхай, 2017 ж. 23 мамыр)

2017 жылғы 16-21 мамыр аралығында Шанхай қаласында (Қытай) садақ атудан Әлем Кубогының І кезеңі өтті, онда 38 елден 304 спортшы өзара бақ сынасты.

Командалық есепте ерлер арасында 20 команда, оның ішінде, құрамында Ойбек Сайдиев (Оңтүстік Қазақстан), Денис Ганькин (Алматы облысы) және Санжар Мұсаев (Алматы облысы) бар ерлер арасындағы еліміздің командасы Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет «Олимпиадалық айналым» М-1 жаттығуы бойынша алтын медаль мен  алтын кубокты жеңіп алды.

Қазақстан командасы жеңіске жоспарлы түрде аяқ басып, әйгілі олимпиада чемпиондары құрамынан жасалған Корей командасын тізе бүктірді.

Аталмыш спортшылар Ресупбликалық атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы ауыспалы құрамының мүшелері болып табылады.

Өзгерту: 31.05.2017