Жаңалықтар

24.07.2017

Пласидо Домингоның «Опералия» халықаралық опера өнерінің байқауы Астанада өтуде (Астана, 2017 ж. 24 шілде)

Пласидо Домингоның «Опералия» халықаралық опера өнерінің байқауы Астанада өтуде (Астана, 2017 ж. 24 шілде)

24-29 шілде күндері «Астана Опера» театрында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «ЭКСПО-2017» бағдарламасы аясында әлемдегі ең мәртебелі «Пласидо Домингоның Опералия» опера байқауы өтеді. Ұлы опера әншісі әрі дирижер Пласидо Домингомен құрылған опера өнерінің әлемдік байқауын жобаның бас демеушісі «Rolex» компаниясы ұсынады.

«Опералияның» жиырма бесінші маусымына қатысатын әлемнің 17 елінен келген 40 дарынды жас орындаушылардың қатарына «Астана Операның» солисті, көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты Мария Мудрякты қоса, қазақстандық төрт әртіс енді. «Опералияның» құрметті қонағы – КСРО Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенова.

Көрермен байқаудың барлық кезеңдерін тамашалай алады. Ширек финалдар мен жартылай финал кезеңдері 24, 25 және 26 шілдеде тыңдалым түрінде өтеді. Қатысушылар әлемдік опера классикасынан өздері таңдап алған арияларды «Опералия» концертмейстерлерінің  сүйемелдеуімен  орындайды. 29 шілдеде өтетін финалда он үміткер  маэстро Домингоның өзі жетекшілік ететін «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жеңіске жету үшін бақ сынайды.

Дәстүр бойынша әділқазылар құрамына Пласидо Домингоның төрағалық етуімен  жетекші шетелдік театрлардың  өкілдері енген. Олардың қатарында – Карло Феличе театрының көркемдік жетекшісі (Генуя, Италия), «Астана Опера» театрының шақырылған дирижері Джузеппе Акуавива, Метрополитен-опера көркемдік әкімшісі Джонатан Френд (Нью-Йорк, АҚШ), Вена мемлекеттік операсының директоры Доминик Мейер (Австрия), Ковент-Гарден корольдік опера театрының кастинг-директоры Питер Марио Катона (Лондон, Ұлыбритания), Париж ұлттық операсының кастинг-директоры Илиас Цемпетонидис (Франция), Корольдік театрдың көркемдік жетекшісі Жоан Матабош  режиссер Марта Доминго (Мадрид, Испания), Чикаго Лирикалық Операсының бас директоры Энтони Фрейд (АҚШ), бас директор - София патшайымның өнер сарайының көркемдік жетекшісі Давид Ливермор (Валенсия, Испания), Бавария мемлекеттік операсының (Мюнхен, Алмания), Глайндборндық опера фестивалінің (Ұлыбритания), Лилль опералық театрының (Франция), Норвегиялық ұлттық операсы мен балетінің кастинг жөніндегі кеңесшісі Пол Moе, Чилиде және басқа елдерде түрлі мәдени ұйымдардың көркемдік кеңесшісі, «Латын Америка Операсы» ұйымының вице-президенті Андрес Родригес, Бонн театрының көркемдік басқарма директоры Каролин Вильпютц (Алмания).

«Астана Опера» жетекші солисті, халықаралық байқаулардың лауреаты, керемет сопрано иесі Мария Мудрякпен қатар «Опералия-2017» байқауына қатысатындар: Дәмір Сәдуақасов (тенор), Станислав Ли, Расұл Жармағамбетов (баритон, Қазақстан), Су Ён Ли; Су Ён Пак (сопрано), Сын Джу Пак (тенор), Леон Ким; Ху Джун Ли (баритон, Корея Республикасы), Чао Ден (бас-баритон, Қытай), Нодзоми Като (меццо-сопрано, Жапония), Ланселот Номура (бас, Ұлыбритания/Жапония), Камила Титингер (сопрано, Бразилия/Италия), Леви Секхапан (тенор, Оңтүстік Африка), Джошуа Деннис (тенор), Эммет О’Хэнлон (баритон), Андре Курвиль (бас-баритон, АҚШ), Руперт Энтикнап (контратенор, Ұлыбритания), Каролина Липпо, Дамиана Мицци (сопрано), Марко Чапони, Давиде Джусти (тенор), Андреас Гиз (баритон), Эмануэле Кордаро (бас, Италия), Валентина Штадлер (меццо-сопрано, Алмания), Михаил Михайлов (тенор, Болгария), Борис Пригл (бас-баритон, Чехия), Адела Захариа (сопрано, Румыния), Джоанна Завартко (сопрано, Польша), Надя Черкез (сопрано, Молдова), Руслан Коваль (сопрано, Украина), Влада Боровко, Елена Гусева, Кристина Мхитарян, Оксана Секерина (сопрано), Анна Синицына, Дарья Телятникова, Виктория Яровая (меццо-сопрано), Илья Селиванов (тенор), Александр Алиев (баритон, Ресей).

«Опералия» байқауына кез келген  дауыс түрін иеленген (бастан сопраноға дейін) 18 бен 32 жас аралығындағы әншілер қатыса алады. Жалпы жүлде қоры 180 000 АҚШ долларын құрайды. Ерлер мен әйелдер дауысы арасындағы 1, 2 және 3 дәрежелі жүлдегерлерді марапаттаумен қатар Р. Вагнердің және Р. Штраустың операларынан репертуарды үздік орындағаны үшін Б. Нильсон атындағы сыйлық және сарсуэлананы (опереттаға жақын испандық музыкалық-сахналық жанр) орындағаны үшін Пепита Эмбил де Доминго және үлкен Пласидо Доминго сыйлығы, көрермен көзайымы жүлдесі  - «Rolex» компаниясының қол сағаттары және т.б. жүлделер бар.

Rolex компаниясы «Опералия» дүниежүзілік опера байқауын осымен 16 жыл қатарынан мақтанышпен ұсына отырып, өзінің өнерге мәңгілік адал екенін паш етеді. Пласидо Доминго 1982 жылдан бастап Rolex компаниясының өкілі болып табылады, және Rolex компаниясы кәсіби кемелденуге ұмтылған жас дарынды орындаушыларды қолдау аясын кеңейтуге қуанышты.

Байқау талаптарымен «Опералия» сайтынан (http://www.operaliacompetition.org/) танысуға және жаңалықтарды қадағалауға болады.

 

Өзгерту: 28.07.2017