Жаңалықтар

16.06.2017

Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған I Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі (Астана, 2017 ж. 16 маусым)

17-26 маусым, 2017. Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасы аясында Асанәлі Әшімовтің 80 жылдығына арналған I Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалін ұйымдастырады.

Фестиваль кәсіби театр өнері саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен шығармашылық байланыстарды дамыту, сондай-ақ ұлттық өнерімізді насихаттау, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан халық артисі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Асанәлі Әшімовтің шығармашылығын әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Фестивальге Еуропа мен Азияның танымал жетекші ұжымдары - А.П.Чехов атындағы Мәскеу көркем театры (Ресей), ЯнкаКупала атындағы Ұлттық академиялық театры (Беларусь), Қытай ұлттық театры (ҚХР), Даугавпилс театры (Латвия), Корей Республикасының «Мулькёль» театры (Оңтүстік Корея), Шота Руставели атындағы Мемлекеттік кәсіби драма театры (Грузия), Берлин драма театры, К.Жантошев атындағы Ыстық-Көл облыстық музыкалық драма театры (Қырғызстан) және Отандық М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Астана Жастар театры, Астана мюзикл театрлары қатысады.

Он күн бойы Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары фестиваль қойылымдарын «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Астана Балет» театры, «Оқушылар сарайы», Жастар театры сахналарынан тамашалай алады.

 

Өзгерту: 29.07.2017