Жаңалықтар

03.10.2017

Қазақстан мәдениеті дамуының жаңа кезеңі (2017 ж. 3 қазан)

Қазақстан мәдениеті дамуының жаңа кезеңі (2017 ж. 3 қазан)

Мәдени сарапшылар қазақстандық мәдениет дамуының жаңа кезеңін белгіледі. Бұған Астанада өткен әлемдік маңызы бар оқиғалар, соның ішінде Пласидо Домингоның «Опералия» халықаралық опера өнері байқауының өтуі, маэстроның Дж. Вердидің «Травиата» спектаклінде Джор Жермонның партиясын орындауы, Вердилік «Фальстаф» пен қазіргі заманның атақты маэстросы Зубин Метамен бірлесе Л. ван Бетховеннің № 9 симфониясын ала келген Ла Скала театрының гастрольдері айқын дәлел болмақ. Сонымен қатар Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен 1 200 музыканттың орындауындағы Г. Малердің № 8 симфониясының премьерасы айтулы оқиғалардың қатарында болды.

Араб елінің астанасы – Маскат қаласындағы (Оман) орасан зор гастрольдер «Астана Операның» салтанатты жетістіктерінің тізбегінде керемет жалғасын тапты. Шығысқа бағытталған шетелдік тур – «Астана Опера» театры тарихындағы жаңа белес. Қазақстандық ұжымның гастрольдер шекарасы барынша сан алуан: Италия, АҚШ, Канада, Франция, Бельгия, Нидерланды, Ресей, Қытай және тағы басқа елдер. Театрдың қойылымдары өзінің жоғары сапасы, жаңа нысаны, көркемдік деңгейі және үздік хореографиясы арқасында әлемде кеңінен талап етіледі. Опера және балет спектакльдері барлық әлемдік стандарттарға сай.

Корольдік опера театрының сахнасында әлемге әйгілі ұжымдар өнер көрсеткен, ал «Астана Операның» балет ұжымы бұл жерге алғаш рет қадам басты.

Шығыс елінде труппа Алтынай Асылмұратованың жаңа хореографиялық редакциясындағы әлемдік классика жауһары – П.И. Чайковскийдің «Аққу көлі» балетімен дебют жасады. Қазақстандық әртістердің орындауында спектакль балет әлеміндегі сенсацияға айналды. Оманға «Астана Опера» ұжымы қазақстандық тур бойынша барлық шығындарды өз мойнына алған Маскаттағы Корольдік опера театрының шақыруымен келді. Осылайша, астаналық театр ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет" жобасын жүзеге асыруда.

Алға қойған тапсырма біреу еді: қысқа мерзім ішінде Қазақстанның мақтанышына айналған «Астана Операның» бірегей балет ұжымының мүмкіндіктерін паш ету. Барлық үш өнер көрсету Маскаттағы көрерменнің таңданысын тудырды. Омандық сахнада жарқыраған солистер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері болып табылады, Италия, Франция, Германияда тағылымдамадан өткен, кейбірінің Еуропа бойынша жасалған шарттары бар. Керемет тәжірибесі мен қарқынды өнер жолы бар. Мысалға, прима-балерина Мәдина Басбаева Борда театрының (Франция) шақырылған солисі болып табылады. Оны және Әйгерім Бекетаеваны балет сыншылары бірден байқап, жетекші солистердің кербездік пен көркемдіктің жарқын бейнесі екендігін атап өткен. 80 қазақстандық биші ерекше әртістігін көрсетіп, айрықша техникалық мүмкіндіктерін паш етті.

Барлық еуразиялық кеңістіктегі балет өнерінің көшбасшысы бола, «Астана Опера» театры өз жеңістерінің шекарасын кеңейтіп, жер шарының әр бөлігіндегі әккі көрерменнің жүрегін жаулап алуда. Қазақстандық труппа шеберлік пен әртістікке негізделген бірегей үлгісін танытып қана қоймай, тұтастай қазақстандық мәдениет дамуының жоғары деңгейін көрсетуде.

20 қазан күні «Астана Опера» театры құрметті көрерменіне қызықты да қанық бағдарлама ұсынатын өзінің мерейтойлық бесінші маусымын ашпақ! Оның қатарында Ж. Бизенің «Кармен» операсының премьерасы, опера және балет труппаларының гастрольдік турлары бар. Бұдан бөлек, театр Камералық зал сахнасында бірқатар керемет концерттер ұсынып, өнер сүйер қауымды бір қуантпақ!

Өзгерту: 13.10.2017