Жаңалықтар

21.12.2017

«Щелкунчик» 22-желтоқсаннан бастап астаналық көрермендерге ұсынылмақ

«Щелкунчик» 22-желтоқсаннан бастап астаналық көрермендерге ұсынылмақ

22-28 желтоқсанда «Астана Балет» театры Қазақ ұлттық хореография академиясымен бірлесе отырып көрерменіне алғаш рет Петр Ильич Чайковскийдің «Щелкунчик» атты ғажайып ертегідей балетін көрсетеді. Аталған шықармашылық жобаға 150-ден астам академия тәрбиеленушілері мен 40-қа жуық театр әртістері қатыспақ.  Балалар мен ересектерге арналған осы жылы жылдық ертегі мереке қарсаңындағы қаланың күйбең тіршілігінен сейілтетін сый болмақ.

«Щелкунчик» - балалық шақ жайлы симфония. Анығын айтқанда, балалық шақпен қоштасар сәттегі сезім жайлы жыр. Бозбала шақтың көкжиегі көрінгенімен, балалықтың тәтті қиялы мен үрей-қорқынышы таусыла қоймаған кез. Ойыңыз бен сезіміңіз түс арқылы асқақтап, тек сезіне алатын, елестете алатын бейтаныс өмірге қарай қадам басасыз» - деп жазған еді, музыка сыншысы Борис Асафьев.

Спектакль премьерасында театр труппасымен қатар, Хореография академиясының оқушылары да өнер көрсетеді. Олар бірінші акттің балалар сахнасын, ақшақарлар биін, дивертисменттегі қуыршақтар биін орындап, ал, академия түлектері Маша мен Ханзаданың жетекші партияларын орындап шығады. Тәлімгер-репетиторлардың айтуынша, әртістердің жасы да ересегі де күн-түн демей дайындық жүргізуде.

«Бұл – болашақ әртістердің кәсіби тұрғыда шыңдалуына, театрдың рух берер ұлылығын сезініп, сахналық өмірді шынайы түрде сезініп, білуге негізделген үлкен тәжірибе. Балалар күнделікті дайындыққа үлкен ықыласпен, қызығушылықпен барады. Олардың көңіл-күйі көтеріңкі, тіпті, жаңа жылға ата-анасына баруға да асық емес. Өйткені, ғажайып жаңа жылдық көңіл-күймен қатар, үлкен ахнада өнер көрсету, «театр өмірінің» дәмін сезіну – оларға шабыт сыйлап, өнерге деген қызығушылықтарын арттырып келеді», - дейді Қазақ ұлттық хореография академиясы кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің жетекшісі Светлана Кокшинова. 

Әлима Әлиханова – астаналық хореография академиясының оқушысы. Ол сахнада алғаш рет өнер көрсетпек. Қойылым алдындағы қобалжуын жасыра алар емес.

«Мен бірінші рет «Щелкунчикке» қатыспақшымын. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік. Мен көрермендер алдында жақсы өнер көрсетіп, көңілдерінен шығуға тырысатын боламын. Менің талабыма сеніп, Машаның ролін ұсынған сүйікті оқытушыларыма алғыс айтқым келеді. Қойылы көрермендер көңілінен шығады деп үміттенемін.

«Астана Балет» театры үшін қойылым сценографиясын театрдың декорациялық цехінің жетекшісі Жандос Омаров дайындады. Оның айтуынша, дайындық барысында Мариинский театрының тұжырымдамасы басшылыққа алынды.

«Біз толық циклді театр болуға дайындалып келеміз. Көрерменге көрінбейтін сахна сыртындағы зор жұмысты біздің цех жұмыскерлері атқарып келеді. 200-ден астам костюмдер мен реквизиттер дайындалды. Ерекше реквизиттер мерекелік спектакльдің әсемдігі мен ғажайыпқа толы екендігін дәлелдей түседі. Біздің театр алғаш рет үш актілі, толыққанды спектакль қоймақшы. Балеттің өзіндік сценографиясы жанға жайлы, мерекелік көңіл-күй сыйлап, көрермендерге қайталанбас әсер береді деп үміттенеміз», - дейді театр басшысының орынбасары Дүйсен Мұсабеков.

Театр директоры Валерий Кузембаев Астана қаласы өз көрермендеріне әртүрлі жанрлар мен редакциядағы спектакльдерді тамашалауға керемет мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, биыл «Астана Балет» өз көрермендеріне Василий Вайноненнің әсерлі де ғажайыпқа толы ертегі «Щелкучикті» ұсынса, «Астана Опера» театры аталған спектакльді заманауи хореограф Юрий Григорович редакциясында ұсынбақ. Мүндай таңдау бүрын-соңды болмаған. Барлық қойылымдарға билеттер алдын-ала сатылып кеткен.

«Көрермендердің мұндай ықыласы бізге үлкен шығармашылық жауапкершілік жүктейді. Біз ұжымымызбен шын мәніндегі жаңа жылдық көңіл-күй мен мереке сыйлауға барынша тырысатын боламыз», - деп атап айтты театр басшысы.

Өзгерту: 22.12.2017