Жаңалықтар

23.05.2018

Астанада Қазақ Ұлттық өнер Университетінің 20-жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті (Астана, 2018 ж. 18 мамыр)

Астанада Қазақ Ұлттық өнер Университетінің 20-жылдығына арналған  мерейтойлық концерт өтті (Астана, 2018 ж. 18 мамыр)

18 мамыр, 2018. «Қазақстан» орталық концерт залында ҚазҰӨУ 20- жылдығын салтанатты түрде атап өтілді. Концертке үздіксіз білім беру жүйесінің 1000-нан аса университет, колледж және мектеп студенттері қатысты.

ҚазҰӨУ – Қазақстан Республикасындағы жас, келешегі зор оқу орындарының бірі. Университет өз кезегінде №1 балалар музыка мектебі мен Ақмола өнер колледжін біріктіру арқылы жасақталған Қазақ ұлттық музыка академиясы негізінде ұйымдастырылды.

Музыка академиясы білім берудің барлық буындары – мектеп, колледж, ЖОО біріктірген үздіксіз кәсіби білім беру идеясы негізін қалайтын бірегей жоба болып табылады.

Музыканттарға музыка әлеміндегі алғашқы қадамынан бастап кәсіби шеберлікті толық меңгергенге дейін оқу орнының қабырғасында жүйелі бірізді тәрбие беру туралы Айман Мұсақожаеваның идеясы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қолдауына ие болды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 наурыздағы №269 қаулысымен Қазақ ұлттық музыка академиясы ашылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 1998 жылғы 15 сәуірдегі №28 бұйрығымен Қазақ ұлттық музыка академиясының ректоры болып Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Айман Мұсақожаева тағайындалды.

«Н. Ә. Назарбаев Академияның 1998 жылғы 2 шілдеде өткен салтанатты ашылуына қатысса, ал 2000 жылы Президент қайта жөндеуден өткен бас ғимаратын барып көрді. ҚР Президенті және ҚР Үкіметінің қолдауымен жаңа оқу ғимараттары салынды. 2005 жылы Орган залы ашылды. «Hugo Mayer Organ Construction» неміс фирмасының органы қолдануға берілді. Орган залындағы тұрақты өтіп жүрген концерттер жоғары оқу орнына елорда мен республиканың мәдени орталығы мәртебесіне қол жеткізді»  - деп атап өтті ҚазҰӨУ ректоры А. Мұсақожаева.

ҚР Үкіметінің қаулысымен 2009 жылы елордада өнердің барлық түрін дамыту мақсатында Қазақ ұлттық музыка академиясы Қазақ ұлттық өнер университеті болып қайта құрылды.

ҚазҰӨУ республиканың барлық облыстары мен аймақтарынан дарынды балаларды қолдауды жүзеге асырады. Бұл жерде жан-жақты білім беру мен өнер шеберлерінің жаңа буынын тәрбиелеу үшін барлық жағдайлар жасалған. Отандық педагогиканың үздік дәстүрлері білім беру процесінің замануи жетістіктерімен үйлесім табуда. 

Жыл сайын ҚазҚӨУ студенттері беделді халықаралық конкурстардың, атап айтқанда П.И. Чайковский атындағы X жастар конкурсының, «Чайковский - мұра» заманауи композиторлардың музыкалық мұрасының екінші халықаралық конкурс-фестивалінің, «Шабыт» халықаралық конкурсының, «Славян базары» халықаралық ән фестивалі, Дельфий ойындары, Еуразиялық музыкалық ойындар және тағы басқалар. 

Сүндет Байғожин, Димаш Құдайберген, Азамат Желтыргузов, Батыржан Смаков сынды университеттің дарынды түлектері әлемнің үздік алаңдарын бағындырып, қазақстандық музыкалық өнерді ұсынуда.

Мерейтойлық концерттің түрліжанрлық бағдарламасында Кеңес Дүйсекеевтің «Өнер Ордасы», Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан үзінді, Латиф Хамидидің «Бұлбұлы», қазақстандық жас композитор Рахат-Би Әбдісағиннің «Өмірге құштарлық» туындысы, Леонард Бернстайннің «Вестсайд тарихы» мюзиклінен «симфониялық билер», «Алладин» мюзиклі және басқалар.

Іс-шараға ҚР Парламент депутаттары, ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, дипломатиялық корпус, шығармашылық жәее ғылыми интеллигенция өкілдері, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Өзгерту: 23.05.2018