Жаңалықтар

21.11.2016

Бокстан Қазақстан чемпионаты басталды (Павлодар, 2016 ж. 20 қараша)

Бокстан Қазақстан чемпионаты басталды (Павлодар, 2016 ж. 20 қараша)

20 қараша, 2016. Павлодардың «Баянтау» спорт сарайында 2016 жылғы бокстан Қазақстан Республикасы чемпионатының жекпе-жектері басталды. Спорттық додаға еліміздің барлық облыстары, Астана және Алматы қалаларынан келген 186 спортшы қатысып жатыр.

Олимпиададан кейін өтіп жатқан чемпионат еліміздің ең мықты былғары қолғап шеберлерінің деңгейін анықтау болып қана қоймай, ұлттық құрама командаға іріктеу болып табылады. Рио Олимпиада циклінің аяқталуынан кейін, құрама команданың негізгі тобына кірген Біржан Жақыпов (49 кг), Олжас Саттыбаев (52 кг), Берік Абдрахманов (60 кг) команда құрамынан шығып, олардың орындары бүгінгі таңда бос.

Бірнеше күннен бері ауа-райы -30 градустан төмен болып тұрған аязды Павлодарға құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов бастаған қазақстандық бокс жаттықтырушылардың барлығы жиналды.

- Бұл жерде жаңа Олимпиада циклі басталып, 2017 жылға арналған жаңа команда құрылатын болады, - деп хабарлады отандық бокс құрамасының бас бапкері. – Жаттықтырушылар кеңесі Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін чемпионатқа қатысудан босатты. Жақыпов, Сәттібаев және Абдрахманов та додаға қатыспайды, олар құрамадан шыққанымен, APB және WSB аясында мансаптарын жалғастыруға құқықтары бар.

Сонымен қатар бапкердің хабарлауынша,  дода аясында рингке Қайрат Ералиев (56 кг), жаңа салмақ категориясы 69 кг өткен жас спортшы  Абылайхан Жүсіпов, одан басқа, өзіне жаңа салмақ категория 81 кг-да Жәнібек Әлімханұлы да шығады. Жәнібек әуесқой бокстан кетпейді.

- Шара аясында тартысты жекпе-жектерге куәгер болатындығымызға сенімдімін, өйткені әрбір спортшы өз алдына құрамаға енуді мақсат етіп қойған.  Олимпиада алдында тек бірінші құрамды ғана емес, төрт құрамның барлығын да дайындағанымызды еске салсақ, бұл додаға жиналған үшінші, төртінші номерлер де бірінші орынға шыға алады. Жаттықтырушылар кеңесі 2009 жылғы күзден бастап бірнеше құрамды жаттықтырды. Чемпион атағына ие болатын спортшылар – біз бірнеше жыл бойы дайындаған жігіттер. 1996, 1997 жылы дүниеге келген жас боксшылардың Чемпионатқа келуі де қуантып жатыр. Олардың арасынан да ел чемпионы шығатындығына сенімдімін. 27 қараша күні – доданың ақтық күні біз қазақстандық бокс құрамасының жаңартылған құрамын жариялаймыз, - деп хабарлады Айтжанов.

Өзгерту: 21.11.2016