Жаңалықтар

15.11.2016

Абзал Ажғалиев Қазақстан қоржынына шорт-тректен алғашқы алтын жүлде жеңіп алды (Солт-Лейк-Сити, 2016 ж. 14 қараша)

Абзал Ажғалиев Қазақстан қоржынына шорт-тректен алғашқы алтын жүлде жеңіп алды (Солт-Лейк-Сити, 2016 ж. 14 қараша)

14 қараша, 2016. Қазақстандық спортшы Абзал Ажғалиев американдық Солт-Лейк-Сити қаласында өткен шорт-тректен Әлем Кубогында үлкен жаңалық жасады. 500 метр қашықтыққа жарысуда жеңіске жетіп, ол Қазақстан қоржынына шорт-тректен алғашқы алтын жүлде жеңіп алды.

Абзал Ажғалиевтің көрсеткіші 40,373 секундты құрап, мәреге екінші болып жеткен Танью Ханнан 0,046 секунд озып жетті. Үшінші орынға канадалық Чарльз Хэмлин табан тіреді.

«Мен мәреге екінші рет қол жеткіздім. Қиынға соққаны рас, алайда жеңіске жетіп, алтын жүлде иелену үшін барымды салдым. Маған сеніп, қолдау көрсеткен адамдардың барлығына алғысым шексіз», - деді Абзал Ажғалиев.

Қазіргі уақытта Абзал Ажғалиев 17 217 ұпаймен Әлем Кубогының ерлер арасындағы 500 метр қашықтыққа жарысының жалпы есебінде бірінші орынға ие.

Сонымен қатар қазақстандық команда 5 мың метрге эстафеталық жарыста үшінші орын алды.

Өзгерту: 15.11.2016