Министрліктің жаңалықтары

18.03.2017

«Ұлытау» қорық-мұражайында қабылдау комиссиясының бірінші отырысы

18 наурыз, 2017. «Ұлытау» Ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында жәдігерлерді сараптап қабылдау комиссиясының отырысы өтті.  Сараптама жұмысының нәтижесінде заттардың бір бөлігі мұражай жәдігерлер санына қосылады, ал қалғаны мұражай қорына тапсырылады.

Қорық-мұражай жәдігерлерінің жинау жұмысы арнайы ұйымдастыратын экспедициялары арқылы жүзеге асады. Атап айтқанда «Ұлылыққа тағзым»,«Өлкетану», «Археология», «Архитектура» экспедициялары және «Мұражай жанашыры» науқаны табысты өтіп, 200 астам жәдігерлердің жиналуына септігін тигізді.

2016 жылы өткізілген экспедияциялар барысында 12 кілем, ағаш табақтар мен ожаулар, келі-келісап, әшекей бұйымдар, т.б. құнды жәдігерлерге қол жеткізді.

Жиналған мұражай экспонаттары жәдігерлері келе жатқан «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мейрамының көрмесінің төрінен орын алып,  жұртшылыққа салт-дәстүрді насихаттауда қызмет көрсетпекші.

Өзгерту: 18.03.2017